....
-оооооой . сағат 7 болып қойған ба?
-иа . ал енді тезірек тұр ,-деп әжем бөлмеден шығып кетті .
Жуынып келіп дастарқанға отырдым .
-ббіріші күнін әлі басталған жоқ ,ал сен әліден шаршап отсың ,-деп әжем шәй құйып берді ..
Мен үндемей ғана таңғы асымды ішіп отыра бердім . Бөлмеме барып үстіме үлкен болып тұратын жейде мен белдемше (юбка) кидім .
Арқама сөмкемді асынып :
-Әже ,мен кеттім ,-деп есіктен шықтым . Сабағым 8-де ,ал қазір 7:30 .Университетім осыдан 20 минуттық жерде . "ертерек шығу керек еді . қазір автобусты ұзақ күтіп қалсам ,кешіктім ғой" деп ойлағанып осы еді . Тура алдыма өзімнің сүйікті 5-ші автобус келе қалды . Іші лық толы . Қарасам бұл жерде жартысынан жартысы студент сияқты . "оңай" карточкамды басып ,терезе жанына тұра қалдым .
Міне мен де жеттім .
Уф ауа жетпейитұншығуға сәл-ақ қалып еді .
Айтпақшы мен Абай атындағы Педагогикалық Университетінің Тарих институтында оқимын .
Биыл 2-курс . Қазір кабинетке кірсем бари таныс келбеттердің отыратынын білемін . Екінші этажға көтеріліп 205-ші кабинетке кірсем ... Упс ... Бәрі ерте келіп алған ба , әлде мен кешіктім бе? Бірақ оқытушы жоқ. Демек мен кешікпедім . Алдыңғы жылы менен ерте келетін адам болмаушы еді .
-Сәлем , Қыздааааар және Бағлан мен Айбек !!!)
-ооооо Мөлдір ,бәріміз сені бірінші көремізбе деп ойлап едік ,сөйтсек біз сенен ерте келіп алдық ғой ,-деп,әрқашанда күлімдеп тұратын ,сондай әзілқой жігіт Бағлан тіл қатты .
-Айтпа ,мен кешігіп қалдым ба деп шошып кеттім . Оқытушы әлі келмеді ме?
-Келіп кетті ,10 минут тыныш отыра тұрындар деп айтып кетті.
-ааааа . Мен онда дәл уақытында келген екенмін ғой ,- өз орныма бағытталып келе жаттым .
-ооо . жандарым . Айжан және Әлия ,- бұл Айжан және Әлия - менің алдыңғы жылдан жақсы араласып кеткен құрбыларым .Жаныма жақын , жан достарым десе де болады . Айжан мен сияқты Астананың қызы ,осы қалада туыстарының үйінде тұрады .Ашық мінезді ,жайдары ,әзілқой қыз .Оның жанында ішің пыспайды .
Әлия осы жердің қалалық қызы .Кішкене өзіншелігі бар ,бірақ біздің жанымызда ол өте қарапайым .
-Қалайсың ,Мөлдір . Кеше Whatsapp-та көрінбедің ғой.Бірге келейік деп айтайын деп едім ,ал хабарласуға бірлігім таусылып калған ,-деп Айжан мені қатты құшақтап алды .
-Сені қатты сағынып кеттім ғой .Осы екеуің Алматыға бірге келіпсіңдер . Мен неге оны білмеймін а? Қарсы алатын едім ,-деп тіл қатты Әлия да мені құшақтап .
-ой сен ол күні ауылыңда болдың ғой . Әйтпесе күтіп алар едің. ))
-аааа иа , иа есімнен шығып кетіпті .ахах . келіңдер осылай тұра береміз бе ? Өз Орнымызға отырайықта ,-
Парталар ұзағынан жалғасып кеткен . Алдыңғы орынға үшеуміз жайғаса кеттік .
Бұл менің группам . Жалпы өзіме ұнайды . Кейбір адамдарды қоспағанда . Басқа группаларда ұл көп ,ал бізде қыз көп жане 3 ұл .
Иа , мен жана тек екеуімен амандасып ,біреуімен амандаспадым . Онымен амандасудың қажеті жоқ . Бәрібір қарамайды ,өзіне қатты сеніп қалған ,өзінше біреу . Өзін керемет санайды ,әрине сабақты жақсы оқиды ,тіпті бәрімізден әлде қайда жоғары . Ол тек группада екі ұлмен және ГауҺармен,Маликамен ғана араласады . Ол екі қызда маған ұнамайды .Екеуіде өзінше қыздар . Ешкімді жақтырмайды . Ал қалған группаластарым тым жақсы . Бірақ менің Айжаныммен Әлияма жетпейді .
Оқытушы келді .Пар басталды .
Бүгін бақытыма орай 100 минуттан 2 пар ғана . Екінші парда аяғына жетті .
