3 страница5 февраля 2017, 21:12

Менің жан құрбыларым )))

Әлия Айжан екеумізді қолымыздан ұстап алып :
-Жүріңдер асханаға ,әйтпесе, қазір мен сендерді жеп қоямын ,қарным қатты ашып кетті,-деп бізді сүйреп барады .
-мүмкін ,жақын маңдағы кафеге барармыз ,а?,- бізге сұрақ белгісімен қарап қапты Айжан . -мм?
-Негізі жақсы ой. Мен қолдаймын .
-Жарайды ,кеттік .
Бәріміз мәз-мейрам универ сыртына шығып келе жатырмын .
Жалпы олардың қайдан екенін айттым .Енді олардың сырт келбетіне келсем ....ммм...Әлия ол арамыздағы ең әдемі қыз ,оны Айжан да мойындайды .Әлияның арқасында жараланып жүрген талай жігіт бар . Әлияның бойы орташа 166-168см-дей ,өзінің мүсіні мінсіз ,шашы қатты ұзын емес қара ,түп-түзу ,өзі сарғыштау ,көзі домалақ ,қас-кірпігі қалың .Өзі де бізге қарағанда боянуды біледі .Киіну үлгісіде қайталанбас қыз . Оған алғашында басқа қыздардың барі достасу үшін жабысып еді ,бірақ ол оған қарамай да ,көз қиығын салмай отқан менің жаныма келген болатын .Онымен сол кезден достасып кеткеніме өкінбеймін .Ол жағымпаздықты ұнатпайтынын сол кезде көрсеткен болатын .
Айжанды арамыздағы ең ақылды қыз деп айтуыма болады . Сабақ жағынан емес , ақыл сұрасаң әрқашан ақылын аямайды . Ненің дұрыс ,ненің дұрыс емес екенін біледі . Оның бойы 159-162 см . Оныңда мүсініне сөз жоқ . Тіл байлығы керемет .Шашы орташа . Өзі қара-торы қыз . Әзілқой ,кішкене бұзықтығы бар . Өте ашық әрі тік мінезді ,бәрімен тез тіл табыса алатын қыз . Онымен группада бірінші танысқанда ол маған шашымның жараспай тұрғанын айтқан болатын . Мен ала көзбен қарап "өзім білемін " дегенде ,ол тұра қалып күлген . Содан араласып кеттік . Қазіргі таңда да солай әзілдеп тұрады .
Өзіме келсем....ммм....
Мен жалпы орта бойлы 163см дей . Мүсінімде жақсы(қыздардың айтуы бойынша) Шашым йығыма жетпейді қысқа . Өзім аппақпын ,қатты әдемі емеспін ,бірақ өзімді сүйкімді санаймын ))
Міне біз кафеде тамақтанып болыпта қалдық .Әртүрлі әңгімелерді айтып ,біресе жұлдыздар жайлы ,біресе апайлар жайлы,біресе инстаграм жайлы,группамыз жайлы айтып уақыттың қалай өткенін байқамай қалдық .
-Мына жердің тағамдары , универ асханасынан екі есе қымбат .
-Әрине ,Мөлдір ,енді арзан болмайдыгой .
-Мен жай гана айттым .
-Болды койшы ,Молдір ,осы сен тез ренжгіш мінезің әлі жоғалмаған ,-деп Айжан күле бастады.
-Көңіліңе алма,Моля ,сен бізге осылай ұнайсың,-деп Әлия жымиды.
-Мен ренжіген жоқпын ,қыздар,қайдағы жоқ сөзге ренжімейтін шығармын енді.
-Қайдан білейін ,айтқан сөздің бәріне ренжи бересің ғой,-деп Айжан одан сайын күлді .
-Қойсаңшы ,Енді Моля шыныменде ренжиді .
-Жарайды ,жаным,кешірші.Саған тиіскен ұнайды.Сен ренжи бастагғанда сүйкімді болып кетесің,-деп Айжан Көзін қысып қалды .
Біз ақшаны төлеп ,кафеден шығып кеттік .
-Ал қыздарым,менің аавтобусым келе жатыр ,кездескеншееееее)))),- жүгіріп автобусқа міндім . Іші бостау екен , "оңайды" басып ,артқы орындардың біріне отырдым .
Үйге жеттім .Әжемнің пәтері 2-этажда . Бұл Әжеме ыңғайлы.
-Әжеееееееее,- бетінен сүйіп -әже мен қыздармен тамақтанып алдым,кешке бірақ ішермін .
-жарайды,құлынып,тоқ жүрсең болыпты да .Әке-шешеңе хабарластың ба?
-Жоқ,кешке,олар қазір жұмыста.
-иа ,солай екен ғой . Алижан мен Маржанға хабарлассай онда .
-олар сабақта .Мен кішкене жатып ,сосын үйді жинастырайын.Әже бүгін қандай тамақ істейін?
-Бүгін өзім істеймін,сен сабақ оқы .
-Жарайды онда .-деп қуанып кеттім .
Алижан менің інім 9-сынып оқиды ,ал Маржан сіңілім 7-сынып оқиды . Екеуіде сабақты өте жақсы оқиды .Мен сияқты жалқау емес . Мен сабақты әрен оқушы едім ,әлі де солай.

3 страница5 февраля 2017, 21:12