Сәлем !Менің есімім Меруерт .Бұл шынайы оқиға емес ,яғни менің қиялымнан туға😊
Таң . Тәтті ертегілер арасында жүр едім . Біреу артымнан "Мөлдір ,Мөлдір " деп айқайлап жатыр. Ал менің оған қарауға шамам жоқ ,тек алдыға қарай ұмтылып келе жатырмын .
Бір кезде :
- Мөлдір . Тұра ғой ботам .Сабаққа кешігесің ,- деген әжемнің дауысы естілді .
-ааааааа . қазір тұрамын ғой ,-деп мен ашуланып ,бетімді одан сайын бүркеп алдым .
Мен әжеммен бірге Алматыда тұрамын . Бұл жерге оқу қуып келген жайым бар . Әке-шешем Астанада тұрады . Мен өзім бұрыннан Алматыда оқысам екен деп армандаушы едім . Ол арманым орындалды . Әжеме кішкентайымда қыдырып келгенімде ,осы жерде қала берсем екен деп ,қимай-қимай үйге қайтушы едім . Алматы қатты ұнайтын .
-Сен әлі тұрмағансың ба?
-тұрдым ғой
-сенің ояңғаныңды тұрған деп есептеуге келмейді .
-әже,мен негізі будильник қойып қойғам . Сол шырылдаған кезде тұрамын ,-деп айтқаным сол еді .Телефоным шырылдап қоя бермесі бар меді?
