Ойлану
6 - бөлім.
1 аптадан соң.
Таң. Күн сәулесі терезеден өтіп, ұйықтап жатқан қыздың бетіне келіп түсті, осы жарықтан қыз оянып кетті. Бірден орнынан тұрып, терезеге жақындады да, тұтқасын бұрап ашты. Бетіне бірден салқын самал жел есті...
Осы 1 апта ішінде Дженни көп ойланды, бір жағынан Америкаға қайтқысы келеді, ол жақта барық достары, жақындары қалды, оған қоса, Дженниге олардың Кореяға қайтып көшіп баратындары үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Ал, екінші жағынан мында ата-анасы, ағасы, және... Тэхён бар. Иә, қыздың ойынша, осы уақыт аралығанда Тэхён екеуі жақын достарға айналып кеткендей, тіпті бір-біріне бауыр басып қалғандай. Осының бәрін ойлап Дженни не істерін білмей, екі ойлы болып жүр...
Осылай терезе алдында ойға шомып отырған мезетте Тэхённың үйінің алдына бір көліктің келіп тоқтағанын байқады, көліктен бір тартымды қыз түсті. Тэхён да есік алдына шықты. Сол қыз бірден жүгіріп барып, Тэхённың мойынана асыла кетті. Осының бәрін сырттан бақылап тұрған Дженни біртүрлі болып қалды, бұл көрініске қарай алмай, бірден терезе алдынан кетіп қалды.
Үнсіздік... Дженни тіпті не ойларын білмей қалды. Біраз уақыттан кейін есін жинап, терезеден қараса, екеуі де жоқ.
* * *
Дженни әдеттегідей Намджунмен бірге таңғы серуенге шықты, ағасы тоқтамай сөйлеп келеді, ал қыз болса құдды бір ештеңені естімей тұрғандай. Кенет алдынан бағана Тэхёнмен бірге көрген қыз шыққанда ғана есін жинады, ол телефонмен әңгімелесіп бара жатыр екен:
- Иә, енді мен Джисумын ғой! Енді сен қалай ойлап едің?! Менің қолымнан келмейтіні жоқ! Иә, жігітіммен кездестім, білмеймін деймін! - оның бұл сөздерін Дженни анық естіді, және де күдігі рас болып шыққандай. "Сонда бұл расымен де Тэхённың қызы болғаны ма?!" деп ойлады іштей, бір жағынан өткенде Тэхён өзінің ешкіммен кездесіп жүрмегенін айтқан секілді еді... Сонда ол Дженниді алдады ма, жоқ әлде мына қыз???
* * *
Дженни серуеннен келгеннен соң күні бойы бөлмесінен шықпады, не тамаққа да зауқы болмады, Тэхённың да қоңырауларына жауап бермеді.
Дженни өз-өзімен қалып, жалғыздықта ойланумен болды. Әртүрлі ойлар қызды жалмап бара жатқандай... Дженни Тэхёнды досы деп есептеп келді емес пе?! Онда ол оның жай ғана досы болса, онда қыз неге соншама мұңға батты?! Онда ол оның жай ғана досы болса, Тэхённың мейлі қызы болсын, болмасын, бұл жайттар Дженниді бір тамшы да алаңдатпау керек еді ғой... Онда ол оның жай ғана досы болса, онда Дженни оның қызы бар екеніне досы үшін қуану керек еді ғой?! Ендеше неге Дженни сол қуаныштың орнына қайғы-мұңға батып отыр?! Осы жайттардың бәрін ойлап Дженни қалайша көзіне ыстық жастың келгенін байқамай да қалды...
Бір түсінгені - Тэхён ол үшін жай ғана дос емес...
* * *
Таң. Дженни түні бойы ұйықтамады. Бәрін екжей-тегжейлі ойға салып, Америкаға қайтамын деп шешті...
6 - шы бөлімнің соңы
