Кездесу
5 - бөлім.
Дженни есік жаққа артымен қарап отырғандықтан ол жігіттің түрін көре алмады.
Әлгі жігіт жандарына келіп:
- О-о-о, Тэ, қалайсың достым?! Сені бүгін осы жерден көремін деп ойламаған едім. - өте сымбатты, бойы да ұзын жігіт екен, әрі киімді де жарастырып киінетіні көрініп тұр.
Тэхён:
- Жақсымын, өзің қалайсың?! Танысып қойыңдар, бұл - Дженни, бұл - Чонгук.
Чонгук:
- Қайырлы күн, мен Тэхённың жақын досы боламын, әрі бір сыныпта оқығанбыз.
Дженни:
- Сәлеметсіз бе, танысқаныма қуаныштымын.
Чонгук:
- Мен де.
Тэхён:
- Жүр менің жаныма отырсаңшы.
Чонгук:
- Жақсы, мен сендерді кездесуге келді екен десем.
Тэхён мен Дженни бірдей:
- Жоға-а...
Чонгук Тэхёнға қарап:
- Бұндай әдемі қызды қайдан тауып алғансың?
Тэхён:
- Дженни менің досым.
Дженни:
- Иә, біз жай ғана доспыз.
Чонгук:
- Сонда сіздің жігітіңіз жоқ па?
Дженни:
- Мүмкін жоқ та шығар?! Кім білсін?! - Тэхён ойланып қалды. Чонгук:
- Солай ма?! Онда, жігітіңіз болмаса, мен сіздің... - Чонның сөзін аяқтатпай, Тэхён иығымен итеріп жіберді де:
- Сенің бүгін жұмысың көп еді ғой?!
- Қандай жұмыс?!
- Кеше ғана айттың емес пе?!
- Біз кеше сөйлесіп пе едік?
- Біздің кетуіміз керек - деді Тэ байыпты түрмен.
- Келгендерің жаңа ғой.
- Кешір достым, бүгін көп бөгеле алмаймын.
- Онда, Дженни маған номеріңізді бересіз бе? - Тэхён Чонға біртүрлі қарады.
Дженни:
- Оны өзіңіздің жақын досыңыздан сұраңыз.
Чонгук:
- Маған жібер жарай ма?
Тэхён:
- Ойланып көремін.
- Ей, Тэ, жіберші деймін.
- Сосын, кейін қолым босағанда.
- Тек ұмытып кетпе.
- Жақсы, жақсы. - осы сәтте даяшы да келді:
- Тапсырыстарыңыз дайын болды.
Тэхён:
- Өзімізбен бірге алып кетеміз.
* * *
Тэхён мен Дженни кафеден шығып кетті. Тэхённың жүзінен бағанағы жайдарлылық кетіп қалғандай. Екеуі көлікке отырып басқа жаққа жол тартты. Жол бойы Тэ үн қатпады, терең ойға батып кеткендей. Бұл үнсіздікті Дженни бұзды:
- Тэ, бәрі жақсы ма? - Тэхён кенет жол жиегіне барып тоқтады да, жанындағы құрбысына қарап, байыпты түрмен:
- Дженни... - деді де, сәл үзілістен кейін - Саған бұл жақ ұнамай жүр ме?! Америкаға қайтып кетесің бе? - Тэхён сұраулы көздерімен Дженниге қарады. Дженни болса өз кезегінде досының бұл сұрақтарына әсте таңғалып қалса керек-ті, дегенмен де ол құдды бір Дженнидің тамырын басып білгендей, қызды мазалап жүрген ойлардың дәп үстінен түсті.
- Не себепті олай ойладың? - деді сәл кідіріңкіреп. Тэхён қыздың дауысынан бұл әңгімені әзірше жалғастырудың қажеті жоғын түсініп:
- Білмеймін, жай ғана ойларым ғой! Мән берме! - деді жымиып - Қайда барғың келеді? Бүгін саған Сеулді көрсетемін.
Дженни көп ойланбай ақырын ғана:
- Намсан мұнарасына, және Ханган өзеніне...
* * *
Дженни мен Тэхён күні бойы қаланың көрікті жерлерін аралады, екеуі де өте көтеріңкі көңіл күйде болып, ерекше әсер алды.
Түн... Дала уақыт өткен сайын қараңғыланып барады... Көшенің жарықтары жанғалы да біраз болды...
Тэхён Дженниді үйіне дейін жеткізіп тастады:
- Қатты шаршады-ым, ұйқым келіп барады. - деп Дженни жанында отырған досына назарын аударды. Тэхён көліктен түсіп, құрбысына көліктің есігін ашып берді де:
- Мадам, бұл сіздің үйіңіз. - деді жымиып. Дженни көліктен түсті де, досына қарап:
- Тэ-э-э...
- Ау?
- Рахме-ет саған. - деп Тэхёнді ақырын ғана құшақтап алды. Тэхён сасқалақтап:
- Жақсы, жақсы, бара ғой енді, кездескенше!
- Көріскенше саубол! - Дженни қолын бұлғап, қақпаның есігін ашып, үйіне кіріп кетті.
Pov Taehyung.
Дженни... Дженни...
Хм, расымен де, өзгерген, бұрынғы кездерді есіме алсам... Ха-ха... Қандай болып еді?! Тым дөрекі, әрі өзінше болған еді, ал қазір... қазір ақкөңіл, мейірімді, қарапайым, оған қоса сондай көрікті... Дженни сен маған не істедің?! Неге мен сені ойлай беремін?
Жарайды... енді үйге барайын... Ойлана бергенің жетер... жетерТэхён!
Pov Taehyung end.
5 - бөлімнің соңы
