Айыбыңды өте!
4 - бөлім.
Дженни:
-Не? ТЭХЁН?
Тэхён:
-Тізем-а-ай!
-Тэ, бұл сен ба?
-Тізем қатты ауырып барады-ы-ы!
-А-ай, Тэхён, кеші-і-ір, мен байқамай...
-Тізем!
-Кел, мен саған көмектесейін, жүр мында орындық бар екен. - досын демеп, орындыққа отырғызды - тізең қатты ауырып бара ма? Мен тезірек дәріханаға жүгіріп келейін.
-Жоқ! - тізе тұсын қатты қысып ұстап алған. - біраз басылған секілді.
-Бірақ...
-Керек емес, жанымда отыра тұршы. - байыпты түрмен айтты.
-Жарайды, Тэ-э, кешірші, мен сен екеніңді білмедім. - Дженни мұңды көздерімен қарады. Ал Тэхённың жүзі сұрақ белгісі секілді.
-Сен... кешірім сұрап отырмысың?
-Кешірші-і-і...
-Осымен үшінші рет кешір дедің...
-Онда тұрған не бар?
-Дженни... сен... - аздап жымиды - сен бала кезіңдегідей емес... өзгеріпсің...
-Соған таңғалып отырсың ба сонда?
-Бірақ өзгермеген бір жайт бар - мен тағы да сенен таяқ жеп қалдым. - Тэхённың жүзіне күлкі үйірілді.
-Сен маған өкпелі емессің бе?
-Енді... қалай айтсам... аздап қана, иә аз ғана өкпелімін.
-Өзіңнің де кінәң бар, егер менің соңымнан ермесең сені соқпас та едім ғой.
-Сонда да... Менің жаман ойым болмаған... Сен мені соққыға жықтың, ертең көгеріп қалатын болды.
-Саған дәріханаға барып келейін бе деген болатынмын.
-Мәселе онда емес, айыбыңды өтеуің керек.
-Сонда не істегенімді қалайсың?
-Мені тамаққа шақыр.
-Тамақ ішкің келсе біздің үйге келіп тамақтана бер, кез-келген уақытта келсең болады.
-Сен түсінбедің, ертең бір жақтарға барып қыдырып қайтайықшы. - Дженни сәл ойланып:
-Жақсы, онда келістік.
Тэхён бірден қуанып кетті:
-Шын айтамысың Дженни? Бұрын бірбеткей едің.
-Айгу, сен де оңып тұрдым дейсің бе? Қайта-қайта айтып мазақ қыла бермеші.
-Ха-ха. Болды, болды. Қойдым.
-Сен жүре аласың ба?
-Білмеймін. Қазір... - ақырын орнынан тұрып көрмекші болды. - Аай!
-Мен саған көмектесемін. - Дженни бағанағыдай Тэхённың оң қолын мойынына қойып, досына көмектесті.
-Рахмет. - Тэхён аздап жымиды.
-Енді кеттік пе?
-Жақсы. А, сен шаршамайсың ба?
-Жоға, онда тұрған не бар Тэ, менің шамам жетеді.
-А, жақсы онда, бірақ шаршасаң айт жарай ма?
-Жақсы. - Тэхёнға қарап жымиды. - Сен жазылғанша көмектесетін боламын.
Тэхён да Дженниге қарап:
-Онда ешқашан жазылмайтын секілдімін ғой. - сәл жымиды.
-Е-е-ей.
-Қалжыңдаймын, ренжіме Дженни.
-Мхм, кеттік.- екеуі жол бойы әңгімелесіп, Дженни Тэхёнды үйіне дейін жеткізіп тастады. Кейін өзі де үйіне кетті.
* * *
Ертеңгі күні...
Таң...
10:30
Дженниге біреу қоңырау шалып жатыр.
-Алло, бұл кім екен?
-Тауып көр - Дженни Тэхённың дауысын бірден таныды.
-А, Тэ, номерімді ағам берді ме?
-Иә.
-Тізең қалай болды?
-Жақсы секілді. Кеше бір сағат бойы мұз басып отырдым.
-А-ай, сосын басылды ма?
-Жоқ, сосын мұз еріп кетті. - Дженни шыдай алмай сәл күліп жіберді.
-Не... неге күлдің?
-Мианэ, Тэ.
-Жарайды, оны қойшы, қай уақытта кездесейік?
-Білмеймін, қашан барайын?
-Қазір кел десем ше?
-Онда қазір барамын. - Дженни Тэхёнды тағы да таңғалдырды, Тэхён оны дәл бұлай келісе кетеді деп әсте ойламаса керек-ті.
-Ш-шын ба?
-Иә, қазір киім ауыстырып алайын, мен тез келемін.
-Жақсы, күтем. - Дженни тұтқаны қойып, бірден шкафқа қарай жүгірді.
* * *
Қыз есікті тоқылдатты, Тэхён да көп-күттірмей есікті ашты.
Дженни:
-Қайырлы таң.
Тэхён:
-Қайырлы. Сен күндегідей әдемісің.
Дженни сәл жымиып:
-Білемін - деп ақырын ғана жауап қатты. Алайда оның сәл ұялып қалғаны көрініп тұр еді.
-Кеше Намджун біздікінде қонған, әлі ұйықтап жатыр.
-Шын ба?
-Иә, ағаңның қайда екенінен бейхабар болғаның ба?! - деді күлімдеп.
-Сен оған тізеңді мен ауыртқанымды айттың ба?
-Жоқ, айтпадым.
-Уф-ф. Рахмет. Әйтпесе тағы осы жайтты жүз рет айтып, мың рет қалжыңдайтын еді, білесін ғой.
Тэхён Дженниді ішке кіргізіп:
-Бөлмем үшінші қабатта орналасқан.
Жүр саған бөлмемді көрсетейін. Кеттік.
-А, ағам қайда?
-Ол қонақ бөлмеде, көрсетейін ба?
-Мхм.
Екеуі қонақ бөлмесіне барып, есікті ақырын ашып көрді.
Тэхён:
-Сенің ағаң ауызын ашып ұйықтап жатыр.
Дженни:
-Ха-ха. Қазір. - қалтасынан гаджетін алып Намджунның күлкілі түрін суретке түсіруде.
-Сен не істеп жатырсың? - Тэхён түсінбей қалды.
-Ағам ренжімейді, қорықпа.
-Ей, Дженни, сонда да...
-Болды, болды.- есікті ақырын жапты. - сенің бөлмеңе барайық.
-Жақсы, жүр.
* * *
Екеуі Тэхённың бөлмесіне келді.
-Міне-е. Бұл менің бөлмем - деді Тэхён.
Дженни:
-Уа-а-ау, бұл жер менің бөлмемнен де жинақы екен.
-Ол жағын енді білмеймін, сенің бөлмеңе кіріп көрген емеспін. Қазір көліктің кілтін алып алайын.
-А, жақсы.
* * *
Екі минуттан соң Дженни мен Тэхён көлікте отырды.
-Қайда барайық? - деді Дженни.
-Сен таңғы асты іштің бе? - Дженни басын шайқады - Онда, мен бір жақсы жерді білемін, таңғы асты сол жақтан ішейік.
-Окей.
10 минуттан соң көлік тоқтады.
Дженни:
- Осы жер ме?
Тэхён:
- Осы жер. Қалай?
- Әдемі.
- Жүр ішке кірейік. Бұл жер менің досымның ата-анасының кофейнясы.
- Бұл жақсы екен.
- Бүгін осы жерден кездестіретін де шығармыз.
Екеуі ішке кіріп, шет жақтағы орындарға барып отырды. Жандарына даяшы келді:
- Қайырлы таң, тапсырыс бересіздер ме?
Тэхён:
- Иә, Дженни, неге тапсырыс бергің келеді?
- Маған каппучино.
- Маған Латте беріңіз.
Даяшы:
- Жақсы, қазір күте тұрыңыздар.
Дженни:
- Латте калориясы ең көп кофе түрі ғой.
Тэхён:
- Сен кофе түрлерін ажырата білесің бе?
- Капучино Италияда тек таңертеңгі сусын болып саналады, сол себепті осы кофені таңдадым.
- Уау. - осы сәтте есіктің ашылған дауысы естілді. - Міне, менің досым да келді. - кірген адамды қолын көтеріп шақырды.
4 - бөлімнің соңы
