3 страница29 июля 2022, 09:44

Өткенді еске алу

3 - бөлім

Дженни:
-Не мен ба?
Тэхён:
-Не? Ол Дженни ма?
Намджун:
-Иә.
Тэхён:
-Ол... - Дженниге қарап - ол ұл болған.
Намджун:
-Жай ғана шашы ұлдыкіндей қысқа болған, сосын ұл баланың киімдерін киетін еді. - Тэхён Дженниға қарап біртүрлі болып қалды, тағы да шокта. Дженнидің есіне сол кездер түсіп кетті, кішкене кезінде талай рет оны бұрышқа тығып еді. Ал енді болса екі беті қып-қызыл болып, Тэхёнға қарай алмай тұр.
Намджун екеуіне қарап:
-Ха-ха! Естеріңе түстіме. Екеуіңе не болған?
Тэхён:
-Ол қыз деп ойламаған едім... Мен оны осы күнге дейін ұл деп ойлап келсем.... Неге маған айтпағансың, Намджун?
Дженни ыңғайсызданып қалды да:
-Оппа, мен үйге барайын, анама таңғы асты дайындауға көмектесуім керек.
Намджун ойланып тұрып:
-Қашаннан бері таңғы асқа көмектесетін болған?! Қалайсың Тэ? Сені осылай атайтынмын есіңде ме?
Тэхён:
-Әрине, оны қалай ұмытайын... Шынымды айтсам, әлі де таңғалып тұрмын... Сонда сендер Америкадан қайтып келдіңдер иа?! Енді әрдайым осында боласыңдар ма?
-Иә, иә. Мен осында болам, ата-анамыз арасында басқа жақтарға жұмыстарымен барып тұрулары мүмкін. Ал Джении... - Намджун сәл ойланып қалды.
-Дженни кете ме?! - Тэхён сұраулы көздерімен Джунға қарады.
-Ол да осында болады ғой, бірақ...
-Бірақ, не?
-Маған кеше ол осында қалғысы келмейтіндей көрінді, білмеймін енді, уақыт көрсетеді. - Тэхён аздап мұңайып қалғандай болды, алайда онысын досына білдіртпеді...
                             *   *   *
Есіктің қоңырауы естілді. Дженни:
-Мен ашам.- есікті ашса Тэхён мен Намджун тұр екен. Дженни сасып қалды, Тэхённың алдында әлі де ыңғайсыздануда, - кіріңдер - деді ақырын ғана. Намджун:
-Омма, бізге қонақ келді. - Ким ханымда баласының дауысын естіп қонақ бөлмеге келді:
-Мен келдім. Бұл кім?! Бұл бала... Бұл Тэхён ба? Қатты өсіп кетіпсің ғой. Соңғы рет көргенде мынандай едің. - деп қолымен көрсетті. - анаңның қала қалай? Бұрын көрші тұратын едік. Есейіп үлкен жігіт болыпсың ғой.- тоқтамай сөйлеп жатыр. Джун таңғалып:
-Омма, қалайша бірден танып қойдыңыз?
Тэхён:
-Сәлеметсіз бе, расымен бірден таныдыңыз ғой, халімді сұрағаныңызға рахмет, анамның да хәлі жақсы.
Ким ханым:
-Тэхён, анаңның номерін маған қалдырып кет жарай ма?! Сосын мекен-жайларыңды да, құрбымды көрмегелі де талай жылдың жүзі болыпты ғой.
Тэхён:
-Біз осы көшеде тұрамыз, дәлірек айтсам біз сіздердің көршілеріңіз боламыз.
Ким ханым:
-О... Тіпті керемет онда, сендерге күнде барып тұратын боламыз.
Тэхён:
-Қалаған уақыттарыңызда келсеңіздер болады.
Намджун:
-Омма, сен Тэхёнды шаршатып жібермедің бе?! Келгені жаңа ғой. Мен де талай жылдан соң досымды кездестіріп тұрмын емес пе!
Ким ханым:
-Жақсы, жақсы, қарындарың ашқан шығар?
Намджун:
-Иә, қатты.
Ким ханым:
-Онда үстелге отырыңдар. Дженни, ас бөлмеде тағы да осындай ыдысқа салынған кимчи бар.
Дженни:
-Ok, қазір алып келемін.
Бәрі үстел басында отырып, әңгімелесіп, бұрынғы кездерді естеріне алды, тура бір сол бір шаққа өтіп кеткендей, ерекше бір сезімде болды.
                             *   *   *
Кешке Дженни жалғыз өзі серуендеуге шығып, таңертең Намджун екеуі барған жерде таза ауамен демалып жүреді. Күн көкжиекте батып бара жатыр... Аспан уақыт өткен сайын неше түрлі түстерге боялуда... Бұл сондай әдемі көрініс, көздің жауын алады... Кей-кейде адамға жалғыз, тыныштықта серуендеудің де пайдасы зор емес пе?!
Айналада ешбір жан көрінбейді... Мүлгіген тыныштық... Кенет Дженнидің артынан бір сыбдыр естілді, қыз оны біреу аңдып келе жатқанын да бірден сезіп қояды. Бірақ бұрылып қарауға тәуекел етпей, ештеңе болмағандай жүріп келеді. Тағы да сыбдыр... Дженни тағы мән бермеді... Әлгі адам жақындап келеді... Дәл Дженнидің артында... Үшінші рет сыбдыр естілгенде қыз бірден артқа бұрылып, өзін аңдыған адамның тізе тұсынан өте тез қимылмен бір рет бар күшімен теуіп жіберді, ол:
-А-А-А, аяғы-ы-ым! - деп тізесін ұстап еңкейе кеткенде, Дженни еңкейіп тұрған адамның ішіне тізесімен қатты соққы жасады да, бірден итеріп жібереді. Соққылардың сондай тез, әрі кәсіби түрде жасалғандығынан ол адам жерге сылқ етіп бірден құлап түседі. Ол үстіне қара кофта, қара шалбар киіп алған екен, басында да қара кепка. Дженни оған жақындап келіп басындағы кепкасын шешіп алады, бірақ оның қоңыр шашынан жігітті бірден таныды, бұл Тэхён ғой...

3 - бөлімнің соңы

3 страница29 июля 2022, 09:44