2 страница29 июля 2022, 09:42

Балалық шақтағы дос

2 - бөлім.

...Бір мезетте оның шынтағын біреу ұстап алды. Дженни әлгі адамға қараса, бағанағы жігіт екен. Дженни:
-Қолымды жіберіңіз.
-Ал, жібермесем ше?
-Жібермесеңіз таяқ жейсіз! - жігіт сәл күліп жіберіп, Дженнидің шынтағын жібереді:
-Маған ренжімеңіз, сізді ренжітемін деп ойламаған едім. Таныссам бола ма? Есімім Ким Тэхён.
-Ким Дженни.
-Танысқаныма қуаныштымын. Жаңағы дүкендегі адам сіздің ағаңыз ба?
-Ағам, оны қайтесіз?
-Жай сұрағаным. - бас киімін шешіп оны теріс қаратып киді, сымбатты жігіт екен, көзқарасы да әдемі. - сіздер бүгін көшіп келдіңіздер ме?
-Иә, қайдан білесіз? - деді Дженни сұраулы түрмен.
-Жай ғана білемін. Сізді үйіңізге дейін шығарып салсам болады ма?
-Мүмкін.
-Дала қараңғы, кеттік. - деп қызға қарады.
-Жақсы онда.
                             *   *   *
Екеуі көшеде келе жатты. Дженни:
-Сіз де осы көшеде тұрасыз ба?
-Иә, осы көшеде тұрамын.
-Дүкеннен алыс па?
-Жоқ. Қай жақтан көшіп келдіңіздер?
-Америкадан, Лос-Анджелес қаласынан.
-А-а-а, алыстан келген екенсіздер ғой. Менің бір досым да сол қалада тұрады.
-Жақсы екен, құпия болмаса, қандай досыңыз?
-Бала кездегі досым - осылай екеуі әңгімелесіп, Дженнилердің үйлеріне де жетіп үлгерді.
Дженни:
-Міне, келдік, сізге көп рахмет.
Тэхён:
-Арызымайды. Біз тағы кездесе аламыз ба?
-Бір көшеде тұрамыз ғой. Оны ұмыттыңыз ба?
-Хм, солай екен ғой. Жақсы сауболыңыз.
-Сауболыңыз. - Дженни қақпаның есігін ашып қалса, Намджун тұр екен, Дженни шошып кетіп:
-Оппа!
-Жаңағы жігіт кім?
-Дүкендегі жігіт. Міне әмияның!
-Келгеніңе бір күн болмай жатып, жігіттер артыңнан жүгіретін болған ба? - деп Дженниді мазақтады.
-Дала қараңғы, жалғыз жүрме деген өзің, жүр кеттік, сосын мазақтама. - деп бұлданды.
                             *   *   *
Ертеңгі күні Дженни Намджунмен бірге таңертең ертерек тұрып серуендеуге шықты.
Намджун:
-Бұл жақта саябақ бар екен, таяқ тастам жерде ғана, сонда барайық па, қалай қарайсың?
Дженни:
-Окей, кеттік.
                             *   *   *
Екеуі жақын жердегі саябаққа лезде жетіп барды. Расымен де, Джун айтса, айтқандай-ақ екен, табиғаты әдемі жер, ауасы да балғын, көптеген адамдар жүгіріп, секіріп, таңғы жаттығуларын жасап жүр.
Намджун:
-Бұндай жерлерді дорамалардан жиі көрсететін, расымен керемет қой.
Уа-а-а!
Дженни:
-Сен не дорама көресің бе?
-Көрсем не болыпты?
-Әдетте мен көргенде қарамайсың да ғой! - осы сәтте олардың арттарынан бір дауыс естілді:
-Дженни! - бұл Тэхён екен.
Намджун:
-Кешегі жігіт пе бұл?
Дженни:
-Иә, сол.
Намджун:
-Түрі таныс көрінеді.
Дженни:
-Таныс болмай қайда барсын?! Кеше дүкеннен көрдің ғой.
Тэхён олардың жандарына келіп:
-Сәлем Дженни, қалың қалай? Сені бұл жерден көремін деп ойламаған едім.
Дженни:
-Сәлем, жақсы. Сен қалайсың... - деп айта беріп еді, оның сөзін ағасы бұзып жіберді:
-Сенің түрің маған өте таныс, есімің кім?
Тэхён:
-Есімім Тэхён болады. Мен де сізді танитын секілдімін. Бұрын кездеспеген бе едік?
Намджун:
-Тэхён?! Шынымен Тэхён ба атың? Тоқтай тұр тоқта, сен... сен...Тэхён... біз кішкене кезімізде дос болмаған ба едік?
Тэхён:
-Білмеймін. Есіміңіз?
Намджун:
-Намджунмын ғой. Сен анаңмен бірге біздің үйге қонаққа келіп тұрмаушыма едің? Есіңде ме?! Иә, иә... Тэхён... Тэ, бұл сен бе не? Есіңде ме сен маған қызыл түсті ойыншық көлігіңді сыйлаған болатынсың?!
Тэхён болса аздап таңғалып қалды:
-Иә-ә, шын ба? Сіз сонда...Намджун...
Намджун:
-Сіз дегенің не? Сен дей берсеңші. Білесің бе менде сол көлік әлі бар, - жүзінен қуанғаны анық байқалады - Тэхён 9 жыл өтті, 9 жыл... Уа-а, менің ең жақын досым болған едің, сені шатастыруым мүмкін емес!
Тэхён:
-Иә-ә-ә, тағы да сенің бауырың болатын, менімен шамалас, үнемі маған тиісетін, сен бізді ажыратып жүретінсің, есің де ме?
Намджун:
-Иә, иә.
Тэхён:
-Сол кездер есімде қатты қалып қалыпты. Ал сол бауырың қайда?
Намджун:
-Ол Дженни емес пе! - деп Дженниді нұсқап көрсетті.
Дженни:
-Не мен ба?
Тэхён:
-Не? Ол Дженни ма?

2 - бөлімнің соңы

2 страница29 июля 2022, 09:42