1 страница29 июля 2022, 09:17

Кездейсок кездесу

1 - бөлім

Бүгін ғана Ким отбасы Америкадан оралды. Сеулде болмағандарына да біраз жыл болып қалған еді. Қала мүлдем өзгерген, көркіне көрік қосқаны да бірден байқалады...

                             *   *   *
Ким отбасы біраз жолдан кейін, жаңа үйлеріне келіп жетті, не дегенмен де қала біршама үлкейіп кеткен екен, жол кептелістері де аз емес...
                             *   *   *
Намджун:
-Дженни, сенің бөлмең үшінші қабатта орналасқан, үшінші қабатқа көтерілген соң оң жақтағы бөлме. Есіңе сақтап ал, сол жақтағысы менікі.
Дженни:
-Ok, жарайды оппа. Онда мен заттарымды апарып тастайын.
-Заттарың ауыр емес пе? Маған бере ғой мен апарайын.
-Намджун, керек еме-ес. Сенің өзінің де шаруаң көп қой.
-Ештеңе етпейді, менің киімдерім ешқайда қашып кетпейтін шығар енді.
-Қашып кетпесе де, өзім-ақ шығара аламын үшінші қабатқа дейін.
Бір кезде жандарына аналары келіп:
- Балалар, не болды?
Намджун:
-Мынау ғой қырсығып тұрған. Заттарын тастауға көмектесейін десем.
Дженни:
-Тасуға күшім жетеді деп қана айттым ғой.
Ким ханым:
-Болды, болды, тездетіп жинаңдар. Кешкі асқа дейін үлгеретін болыңдар. Әкелерің жұмыс бойынша бір жаққа кетті. Кешкі асқа келмейтін шығар. Мен де бөлмемді реттеуім керек, кеттім.
Намджун:
-Жарайды, Дженни, кешке дейін үлгеруіміз керек, маған бере ғой, бірінші сенікін тасып бітірейік.
Дженни:
-Одан кейін сенікін тасуға көмектесемін.
-Жақсы, жақсы, жүр енді.

                             *   *   *
Намджун мен Дженни екеуі тездетіп бәрін тасып, бөлмелерін реттестірді.
Уақыттың қалай зымырап өткені де білінбей қалды. Енді аналары үшеуі кешкі асқа дайындалып жатыр.
Ким ханым:
-Дүкенге барып келе аласыңдар ма?
Намджун:
-Дүкен қайда?
Ким ханым:
-Көшеде тура жүре берсеңдер, оң жақта орналасқан, 2-3 минутта жетесіңдер. Ақша мен тізім үстелдің үстінде.
Намджун:
-А, жақын екен ғой. - тізімді қолына алып - рамён, қызанақтар, қияр, тұз, кофе, алма... көп екен ғой, - екеуі үйден шығып кетті. Расымен де дала тастай қараңғы болып кетіпті. Бұл жақтағы үйлер неше түрлі екен. Көше де жарық, әрі кең.
Дженни:
-Оппа?
-Ау?
-Қалай ойлайсың, бұл жаққа қайтып келгеніміз дұрыс болды ма?
-Сонымен, не айтқың келіп тұр?! - деді Джун бір сәтке кідіріп.
-Білмеймін, жай ойым ғой...
-Қарындасым сол, бұл біздің туған жеріміз ғой, әрине қайтып келгеніміз дұрыс болды, сен алыс жолдан шаршағансың ғой - деп қарындасын ақырын ғана құшақтады, - бәрі жақсы болады, көп ойлай берме, жарай ма?!
-Жарайды- деді Дженни ақырын ғана.
                             *   *   *
Ағалы-қарындас екеуі дүкенге кірді. Намджун сатушыға тізімді оқып жатыр, ал Дженни болса, жан-жағына қарап, зер салыуда. Осы сәтте дүкенге тағы бір жан кіріп келді, бойы ұзындау келген, шамасы жас жігіт көрінеді, үстінде тізесі жыртылған қара шалбар мен, жеңі алақанына дейін жететін ақ - қара сызықты кофта, басына қара түсті кепкасын басып киіпті, тура Дженни секілді. Дженни жігіттің түрін анықтап көре алмады, бірақ оған қарамағандай түр жасады.
Бірақ ол жігіт қыздан көз алмай қарап тұрды, сірә, жаңадан келгенін біліп қойған болар. Намджун енді ғана болып, тамақтар салынған пакеттің жеңілдеуін қарындасының қолына ұстатты. Жаңа кірген жігітті ол да байқады.
Намджун:
-Рахмет, сауболыңыз.
Сатушы қыз:
-Тағы да келіп тұрыңыздар. - екеуі сыртқа шығып кетеді.
Жолда келе жатып Намджун:
-Жаңағы қыз әдемі екен иә?
-Білмеймін, байқамадым.
-Әрине байқамадың, бар ойың ана жігітте болған шығар. Ха-ха.
-ОППА!
-Жарайды, болды, қойдым. Қап!
-Не болды?
-Әмиянымды жаңағы жерде қалдырып кеткен секілдімін, барып алып келші, пакетіңді маған бер.
-А, жақсы.
Дженни дүкенге дейін тез жүгіріп жетеді:
-Жаңа менің ағам осында әмиянын қалдырып кетіпті, байқамадыңыз ба?
Сатушы қыз:
-Міне, мынау ма? - деп қара түсті әмиянды нұсқады.
-Иә, дәл өзі, рахмет. - деп дүкеннің есігінің тұтқасын бұрап сыртқа шықты. Бір мезетте оның шынтағын біреу ұстап алды...

1 - бөлім соңы

1 страница29 июля 2022, 09:17