Жанымда бол
7- ші бөлім. Соңғы бөлім.
Таң. Дженни түні бойы ұйықтамады. Бәрін екжей-тегжейлі ойға салып, Америкаға қайтамын деп шешті... Бұл шешім Дженни үшін де, Тэхён үшін де дұрыс болмақ. Егер Дженни осында қалатын болса, онда Тэхёнға деген бұл сезімдерінен қатты жапа шегетін болады, оған қоса Тэхён мен оның қызының араларына да түскісі келмеді.
* * *
Осы сәтте Тэхён Дженниді алаңдаумен өзін қоярға жер таппай жүр еді. Дженнимен бір күн сөйлеспей қалып еді, көңілі құлазып, уайымдай бастады. Негізі ол Дженниді бірінші күні дүкеннен көрген кездің өзінде-ақ ұнатып қалған болатын. Алайда, қыздан шынайы сезімдерін барынша жасырып бақты. Сол себепті де үнемі оны іздеумен болды, сол себепті де оны үнемі тауып алатын да еді, сол себепті де Чоннан оны қызғанды, және барынша байсалды болуға тырысты.
Дженни тағы да тұтқаны көтермейді, бұған не болып қалды екен?!
Оған қоса кеше бұрынғы қызы да келіп, қайтадан бірге болғысы келтінін айтып кетті, алайда енді ол қыздың Тэхёнға керегі шамалы...
* * *
Намджун бөлмесінен чемодандарымен бірге шығып бара жатқан қарындасын көргенде сасып қалды:
- Дженни-Дженни?! Сен қайда барасың? Қайда кеттің? Бұл не сөмкелер?
- Америкаға, үйіме қайтамын.
- Бірақ біздің үй енді осы жер, түсінсеңші. - осы сәтте Дженнидің көзіне жас үйірілді:
- Шаршадым, түсінесің бе?! Шаршап кеттім! Бұл жақтың маған ұнамайтынын білесің ғой. Ал сенің бар ойың "дүкендегі қыз әдемі екен", "қараш қандай саябақ", "дорамадағы жер". Ал маған бұлардың бәрі ұнамайды...- Намджун жылап тұрған қарындасының көздерінен мұңды көрді, және оған ештеңе деп айта алмады, оны тоқтата алмады.
* * *
Біраздан соң Намджундардың үйіне Тэхён келді. Есікті көңіл-күйі жоқ досы ашты. Тэхён бірдеңе болғанын сезіп:
- Джун, бәрі дұрыс па? Не болып қалды?
- Дженни кетіп қалды.
- Не? Қалай сонда? - Тэхённың өңі бұзылып кетті.
- Дәл солай, - деді Джун күрсіне - Америкаға қайтып кетті.
- Неге? Қашан?
- Неге десең, нақты білмеймін, бір жағдай болып қалған секілді. Қашан десең, кеткеніне біраз болды. Тэхён? Тэхён? - Тэхён алды-артына қарамай, бірден көлігіне отырып, аэропортқа жол тартты.
* * *
- Сеул-Лос-Анджелес бағытындағы әуе рейсінің жолаушылары А пунктіне жақындауларыңызды сұраймыз - Дженни орынынан тұрып, көрсетілген жерге бара жатыр. Бір жағынан кеткісі келмейді, әсіресе Тэхённан алыстағысы келмейді, екінші жағынан Дженни шешімді қабылдап қойды, енді шегінерге жол жоқ. Кенет оның қолын біреу шап беріп ұстап алды, қыз артына қараса, бұл Тэхён екен, өзі ентігіп кетіпті.
- Тэхён?! - қыз қатты таңғалып қалды.
- Дженни, өтінемін, кетпеші! - деп Тэ қызды құшағына басты - сен маған керексің, кетпеші... - Дженниге де керегі осы болып еді, Тэхённың бір ауыз сөзі мен жылы құшағы... Дегенмен де бұл дұрыс емес.
- Тэхён, алайда - деп қыз жігітті итерді - алайда менің кетуім керек, ал сен барып өзінің қызыңды құшақтай бер! Мені жолымнан бөгеме!
- Қандай қыз?! - Тэхён сұраулы жүзімен Дженниге қарады.
- Джисуды айтамын.
- Не? Оны қайдан білесің? - Тэхён жеңіл шокта болды.
- Бұл маңызды емес. Саубол! - Дженни бұрылып кетіп қалмақшы болып еді, Тэ қыздың қолынан ұстар алды да:
- Сенің ол жайлы қайдан, қалай білгеніңді білмеймін, алайда қаласаң айтайын. Иа, Джису менің қызым болған, алайда екеуіміз үш ай бұрын айырылысып кеткенбіз. - жігіттің бұл сөздеріне Дженни таңғалып қалды. Сонда Тэ оны алдамағаны ғой. Дженни:
- Кеше... - дей беріп еді, Тэхён қыздың сөзін бөліп жіберді:
- Кеше ол маған келді, алайда мен оның бетін қайтарып жібердім. Себебі маған қазіргі сәтте керек жалғыз жан - ол сенсің, - деп жігіт ағынан жарылды. Дженни де Тэхённың көзінен шынайылықты және өзіне деген жігіттің сезімдерін байқады. Дженни қуанып кетті, және оны жасыра алмай бірден күлімдеп, жігітті құшақтады.
- Кетпеші жарай ма? - деді Тэ ақырын ғана.
- Кетпеймін, сен жанымда болсаң ешқайда да кетпеймін...
Соңы! Осы сәтке дейін менімен болғандарыңызға рахмет, шын жүректен DarknesBerry ❤️
Inst.: @darknesberry
