3 часть
Алима мен Дастан біраз уақыт бөлмеде сөйлесіп отырды. Екеуі де қуанып тұр, бірақ бір жағынан қорқып та отырды. Ең қиыны – Арслан.
— Айтамыз ба бүгін? — деді Алима.
— Білмеймін... бірақ жасыра алмаймыз ғой, — деді Дастан.
Осы кезде есік қағылды.
— Әй, сендер қайдасыңдар? — деген Арсланның даусы естілді.
Екеуі бір-біріне қарап қалды.
— Кіре бер! — деді Алима.
Арслан кіріп келді де, екеуіне қарап тоқтап қалды.
— Не болып жатыр?
Дастан орнынан тұрды.
— Арслан, мен саған бірдеңе айтуым керек.
— Айта бер, — деді ол күмәнмен.
— Маған Алима ұнайды. Біз... бірге болғымыз келеді.
Бөлмеде тыныштық болды. Арсланның түрі өзгеріп кетті.
— Сен серьезно айтып тұрсың ба? — деді ол.
— Иә, — деді Дастан. — Мен оны ренжітпеймін. Уәде.
Арслан Алимаға қарады.
— Сен ше?
— Маған да Дастан ұнайды, — деді Алима батыл түрде.
Арслан біраз үндемей тұрды. Сосын терең дем алды.
— Егер сен бақытты болсаң... қарсы емеспін. Бірақ бір нәрсе есіңде болсын, Дастан. Ол – менің қарындасым.
— Түсіндім, — деді Дастан.
Арслан күліп жіберді.
— Жарайды, онда төменге түсіңдер. Вечеринка сендерсіз қызық емес.
Алима қуанып кетті. Дастан жеңіл дем алды. Үшеуі бірге төменге түсті.Вечеринкадан кейін бәрі өзгергендей болды. Алима мен Дастан бұрынғыдай еркін сөйлескенмен, енді арасында ерекше бір жақындық бар еді. Арслан да сырттай сабырлы көрінгенімен, іштей бәрін бақылап жүрді.
Келесі күні таңертең ас үйде үшеуі ғана отырды.
— Кеше бәрі тез болды, — деді Арслан шай ішіп отырып.
— Иә... — деді Дастан. — Бірақ мен шынымен серьезно қараймын.
Алима үндемей күліп отырды.
— Бір шарт бар, — деді Арслан.
— Қандай? — деді Дастан.
— Егер бір күні ренжітіп алсаң... бірінші мен білетін боламын.
— Келістік, — деді Дастан қолын созып.
Екеуі қол алысты. Алима жеңіл дем алды.
1 айдан соң*
Дастан жай ғана жігіт емес еді. Ол – кәсіби қазақстандық футболшы, FC Kairat клубында ойнайды. Командада оның жақын достары бар: Темірлан, Рамазан, Азамат, Шерхан.
Бір күні Алима мен Арслан Дастанның ойынына барды. Стадион толы адам. Алима трибунада қатты уайымдап отырды.
— Уайымдамасай детка,сенін жігітін мыхты ғой— деді Арслан.
~Енд менікі ғой ол😎
-көп ырбандай бермеш
~Бопты
Ойын басталды. Дастан алаңда сенімді ойнап жүрді. Бір сәтте ол айып алаңының сыртынан соққы жасап, гол салды. Стадион шулап кетті.
Алима орнынан тұрып, қуанып кетті.
— молоддееецц— деп айқайлап жіберді.
Арслан күліп:
—жәй біраз құлақты жардың ғой
Ойыннан кейін Дастан достарымен бірге шықты. Темірлан иығынан қағып:
— Бүгін ерекше ойнадың, брат. Трибунаның әсері ме? — деп күліп қойды.
Рамазан да әзілдеді:
— Біз түсіндік бәрін.Мәхәуууәәәтттт
Дастан тек жымиып, Алимаға қарады.
Темірхан келіп құшақтады.
— Аға, красавчик! — деді.
Сыртта бәрі жиналды. Алима Дастанға жақындады.
— МОЛОДЕЦ,күшті ойнадың
— Сен келген соң күш қосылғандай болды, — деді Дастан.
Арслан да жақындап:
— Жарайсың ,брат — деді.
Сол күннен кейін Алима футбол матчтарына жиі бара бастады. Дастан үшін бұл тек спорт емес, болашағы еді. Ал енді оның жанында қолдайтын сүйікті адамы бар.
Бірақ кәсіби футбол оңай емес. Алда маңызды матчтар, қысым, жарақат қаупі бар...
