1 часть
Алима мен Арслан – бір үйдің балалары. Арслан – сабырлы, жауапкершілігі мол үлкен аға, ал Алима – мінезі ашық, қиялы ұшқыр, әрдайым күліп жүретін қарындас. Алматының тыныш кештерінің бірінде олардың үйі әдеттегідей қонаққа толы болды.
Арсланның ең жақын досы – Дастан. Ол бұл үйге жиі келетін, тіпті Алима да оған үйреніп алған.Бірақ соңғы уақытта бәрі өзгергендей еді.
Сол күні кешке Арслан мен Дастан аулада доп теуіп жүрген. Алима терезеден қарап тұрды. Жел оның шашын баяу тербетіп, күннің соңғы сәулесі жүзіне түсіп тұрған. Дастан байқамай терезеге көз тастады да, бір сәтке қатып қалды.
— Не болд брат— деді Арслан иығымен түртіп.
— түкте болмады — деп Дастан ойын жалғастырған болды, бірақ ойы мүлде басқа жақта еді.
Кешке бәрі ас үйге жиналды. Алима шай құйып жүріп, байқаусызда Дастанның қолына тиіп кетті. Екеуі бір сәтке көз түйістірді. Алима жай ғана жымиып өтті, ал Дастанның жүрегі бұрын-соңды болмағандай қатты соқты.
Арслан:
-Алима ертен біз үйге вечер жасаймыз ғой
~енді нестиін
-Ойбаай шуағынды шашып жібердің ғо
Дастан:
-Арс бізде Алимаға көмектесейіа
~Міне азамат міне тұлға(Алима)
-Көмектеспесек өлтіріп қояр бұл(Арслан)
~қой мен қайтайын ертен танертен келемін (дастан)
-Давай брат
-Пока дастан(Алима)
Сол түннен бастап Дастан мазасыздана бастады. «Бұл дұрыс па? Ол — Арсланның қарындасы...» деген ой маза бермеді. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді екен.
Ал Алима ештеңе сезбегендей, бұрынғысынша ашық мінезімен сөйлесіп жүрді. Тек кейде Дастанға қарағанда, оның да жүрегінде түсініксіз бір жылулық пайда болатын...
