2. Қолдаймын, тастамаймын.
Пов.автор:
Екеуін де мазалаған ой ол-бір-бірінің болашағы... Әркімге тиесілі көздерде мұң, үңілсең де,бірақ,көре алмассың,себебі бір-бірінен басқа олар ешкімге шынайы өздерін көрсетпейді. Әртістікке оқығаны, қыздың, бәлкім, көмектескен болар осындайда. Өнерге жақын жігіт те, барын тек дауысқа салады. Музыка да оның жанын түсінетін болса, Ари де құр қалмас. Шебер емес пе? Осы емес пе, белгі, екеуінің бір бүтін екенінің? Қашан түсінер бұны? Әрине, соңында.
пов.Ари:
Барлығы ойдағыдай, әзірше. Үміттенем, тезірек өтіп кетсе екен... Апта өтті. "Келіндік қызметімді"жақсы атқарудамын. Үйдегілердің бәрінде біраз болсын мұң бар, бірақ бәрі ұмыт боп бара жатқандай. Бірақ,түсінбегенім-менің қарапайым отбасымды кім бай отбасымен байланыстырмақшы болды? Жарайды,уақыты келгенде білерміз.
Сонымен қатар,маған арналған бөлме өте қарапайым, Чонгуктың анасының айтуынша, Чона маған арнайы дайындаған-мыс. Керемет. Оқуым да сол қалпы, жалғастырып оқып жүрмін. Бірақ, Чига,айтқанындай, менің оқитын жеріме көшіп келді. Факультет оны тоқтатар емес. Бүгін бір аудиторияда кездестік. Қасымдағы Джинхоны қуып жіберді "күйеу-сымағым". Шашымды жаңа көргендей, ақымақ, тиісіп болмады ғой. Шашымды ғана емес, бүкіл менің өзімді алғаш көргендей! Сосын әйтеуір сабағым бітіп, өз үйіме бардым. Анашымды сағындым. Оның үстіне бір досым бар, шығарып салды. Оның бұл жайлы білгенін қаламаймын. Үйреншікті болғанын қалайм, оның үстіне ол Чонгук жайлы біледі, бірақ қарсылығы бар... Иә, менің оппам оған қарсы.
21.43.
Анаммен кешкі ас ішіп болып, әңгімелесіп отырғанбыз. Телефоным Чонгуктың қоңырауларынан жарылуға шақ. Бірақ, білмедім ғой. Інім әкеп бергенде бірақ көріп, алғанмын.
-Чаги~я, қайдасыыыың? -ақымақ, тағы ішіп алыпты. 2 апта болып қалып еді ғой дұрыс жүргеніне, тағы не болды екен?
-иә, оппа? -оның қалауын істемесем, бұлданып қалар, бала емес па ол әлі!?
-келші тез, бүгін мен үйде...-телефон қолынан түсіп кетті ме, соңына шейін ести алмадым. Үйде шығар, тез барайын енді... Тұтқаны қойып, анашыммен қоштастым да, төменге түсіп, әкеме сау бол айттым, інім мені шығарып салғанда оған да айтып үлгердім. Тез шығып, такси шақыртпақ болдым. Қарғыс атқыр, қуаты азайып барады! Ал маған хат келді!? Керемет. Өзім бара берейін,автобус бар шығар.
/оппа:қалайсың, жаным? Қайдасың, не істеп жатырсың? /
/мен:жақсы, оппа, өзіңіз ше? Жатырмын, сіз ше?/
/оппа:өтірік айтудың жаман екенін білесің бе? /
/мен:түсінбедім? /
/оппа:ақырын жүрш, артыңа қара сосын/
не? Жоқ...
-оппа?? Қайдан жүрсің, айй, жүрсіз?
-сен деп келісіп едік қой!?-жақындап, сол күлкісімен жүрегімді тағы баурауда,-Саған да, сәлем, жаным,-оның жылы құшағы сондай керемет. Өзіне тартып алып, шашымдағы жұпарды сіміргенде, маған да белгісіз жағдаймен, әйтеуір ләззат сыйлайтындай.
-сәлем бердік...
Оның мейірімге толы көздері, әдемі ырғақты дауысы, сондай төмен де емес, маған керегі. Менің мінсіз таңдауым. Әрбір дене бөлшегі маған 1 жылда жақын болып кетті. Менің сүйіктім. Тек менің...💙еріндері бір бал іспеттес. Сөйлеп жатқандағы қимылдары бір би қимылындай. Ерекше. Ешкімге тән емес бір өзгешелік өзіне магниттей тартады. Өз арқасымен мені қорғап қалуға дайын секілді әрдайым. Жұмсақ шаштары күтімді талап еткенімен, майлы кездерінде де бір сымбаттылық береді. Баланікіндей терісі сондай аппақ, қайта-қайта мыжып тастағың келетіндей... Бейкүнә жанды мен қалай алдадым? Дәтім қалай барды? Екі түрлі өмірмен жүргендеймін құдды... Жоқ, болмас... Қазір-ақ айтуға дайынмын, бірақ оның жүрегі қарсы жауапты таңдап тұрғандай... Болмайды. Күту керек, қолайлы уақыт емес қазір.
-сонымен? Қайда бара жатырмыз, ханшайымым?-меншікті мырза менің қолымды алып алды да, өзінікімен тығыз жанасатындай, әр саусақты өткізе орналастырды.
-ым... Чонгукқа.-тым болмаса мына сөзімде жалғандық болмасын...
-не? Неге?-жіберер еді қолымды, бірақ мен жібермедім. Себебі, ол мендік.
-Оппа... Ол тағы ішіп алған...-бірақ бұл жолы оның қолдарын ұстап қала алмадым,тартып алды.
-қашанғы ішеді? Мен мезі болдым. Басқа сенен құрбысы жоқ па? Мен түсінбейм, біз қазір соның кесірінен алыстап бара жатқан жоқпыз ба?-зығырданын қайнатқанымды білем...бірақ ол да адам ғой,мұқтаж болады.. Осыны оппама қалай түсіндірсем?
-тыңдаңызшы...
-жарайды, жаным, кешір, ашуымды баса алмадым...-жып-жылы қолдар бетімді ұстап, жұбатуға ұмтылды, -онда, шығарып салайын.. Кеттік,-қайтадан қол ұстасып, үнсіздікте алдыға жол тарттық.
-рахмет,шығарып салғаныңа...-үйге жетпестен оны құшақтап алдым.
-байқап жүр, бірақ сұрағым бар. Чонгукпен қашан жүзбе-жүз танысам? М? Мен оның қандай екенін өз таныстығымыздан кейін білгім келеді, көзбен көріп не басқалардың сөздерінен емес.
-кім сізге ол жайлы айтады?
-кхм, қазір сен оқып жүрген универдің түлегі екенімді,сүйіктім, білесің,-иегімді ұстап,көзіне қарауға мәжбүр етті... Батып барамын... Ал оның аузынан шыққан "сүйіктім", ол да бір ғажабы.
-ыы, иә, оның не қатысы бар?
-ботақаным, ол деген мен барлық жаңалықтардан хабардармын. Біздің универге көшіп келгені..,-оның сөзін бөліп жібердім:
-бірақ, факультеттер бөлек!!
-ол маңызды емес. Бастысы-екеуің балалар секілді, біраз достықтарыңды жасырмайсыңдар. Кейбіреуі тіпті сені оның қызы деп ойлап қалып жатыр!-менің үлкен оппам балаша бұлданып қалды!
-жаааным, оппам, өзгелердің сөздеріне көңіл бөліп қажет емес, жарай ма? -бір ауырлықпен күресіп,әрең айта алдым.
-жарайды, алқаш досыңды қайғыдан алып шық. Бар тез.
-эээй, оппааа!!!
Ол сүйді де, тез кетіп қалды. Ал мен бақытты жүзбен үйге жүгіріп кірдім.
-Ари, Чонгук сені шақырып жатыр,-Лали алдымнан қашан шығып үлгерген? Елес секілді!
-а, а жаққсы... -аяқ киімімді шешіп жатқанымда да қасымда болды. Неге тұра береді? -неғой, келесіде былай алдымнан атып шығып шошытпаш, жақсы ма?-бетін жеңіл шымшыдым да, жоғары көтеріліп кеттім. Артымда бір ыңырсыған дыбыс шықты. Бойы кішкентай болғаны қандай жақсы бұл қыздың, а!? 😹😹
Бөлмеге кіргенде Чонгук жерде отыр. Жаңа ашылған соджудың ыдысы қасында, ал өзі бір нүктеге қарап отыр. Сау ма, жоқ әлде? Иә, мас. Біткен соджудың бөтелкесі төсек астына кетіп қалыпты. Отырғанда бірақ көрдім.
-Чига, не болды?
-Сони...мені тастады да... Кетті. Ойлап қараш. Жай кете салды. Ұшып кетті, Жапонияға. Керемет, иә? Менсіз оның болашағы жарқын екен! Оны ғажап сәттер мен естен кетпес естеліктер күтіп тұр екен онда. Мықты білім екен керегі. Менің махаббатыма түкіріпті ол! Қалай дәті барды оның? Айтшы маған!? Неге тастап кетті мені? Не кінәм бар менің, сенің ? Не істедік біз? Ата-анамызға көмектеспек болдық емес пе!?
-тщщ, жаным, тыныштал, бәрі жақсы. Тшшш,болды,ішпеші.-құшағыма тығылғысы келгендей. Одан саман мені өзіне тартып жатыр. Ал мен соджудың бөтелкесін өз артыма тықтым.
-сен кетпеші. Тастамашы мені. Рахмет... Рахмет, Ари.
-тастамайм жаным.тастамайм. Болды, -қолдарымды оның шашына жібердім. Ол жақсы көреді... Қасында менің барымды білсін... Солай отырғанда ұйықтап қалды. Көтеріп, төсегіне жатқыздым. Өз бөлмеме кеттім де, ойыма келген жындармен мен де ұйықтап қалдым 😹.
