4 страница30 апреля 2026, 11:43

песня - Bayau

Alem

Ойымда сенің бейнеңді қалаймын, қалай айтайын?

Бір нəрсені қабылдай алмаймын...


Bala

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды,

Тура қарағаның ұнайды, дəл солай

Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды

Тура қарағаның ұнайды, дəл солай...


Ace

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге,

дымға қарамай

Бейнең жеке менің түн-ием,

Түн-ием, баура мені, ала кет! (x2)


AZ

Ойланып келдім baby, əңгімем бар baby,

алысқа уақытша аттанамын, сезінбе жалғыз қалғандай,

Сен арманда, мен де армандаймын,

Шешімін тауып алғандаймын,

шақырамын биге, дайын бол!

"Ау?»-деп, түсінбей қалсаң, былайғо:

Бəрі оп-оңай, қиялыммен "баяуға" шақырамын, билейміз түнімен тоқтамай.


ZAQ

Оның жүрегі нөлдей, сезім мүлде бөлінбейді,

Түн сияқты ол: суп-суық, сұп-сұлу, тылсым

Ми шимайланған сезімдермен-түрлі-түсті бояу, түсініксіздеу дəл сендей,

Сосын, екеуіміз секілді Ай мен Жердей,

Тартылыс бар, бірақ бірдеңе жібермейді.


Alem

Дереу жақында, сезіну үшін

Тез қол ұшын бер маған, тез!


Bala

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды,

Тура қарағаның ұнайды, дəл солай

Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды

Тура қарағаның ұнайды, дəл солай...


Ace

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге, дымға қарамай

Бейнең жеке менің түн-ием,

Түн-ием, баура мені, ала кет! (x2)

4 страница30 апреля 2026, 11:43

Комментарии

0 / 5000 символов

Форматирование: **жирный**, *курсив*, `код`, списки (- / 1.), ссылки [текст](https://…) и обычные https://… в тексте.

Пока нет комментариев. Будьте первым!