14 часть
Парктағы жағдайдан кейін бәрі тынышталып, үйді-үйіне тарады. Ержан да артық сөз айтпай кетіп қалды.
Алима үйге қайтып келе жатып, Дастанмен қатар жүрді. Екеуінің арасында біраз уақыт үнсіздік болды.
Сосын Дастан бірінші болып сөйледі:
Кешегі үшін де, бүгінгі үшін де кешірші.
Алима оған қарап:Нақты қайсысы үшін?
Дастан сәл күліп:Бәрі үшін. Артық қызғанып, асығыс шешім жасап тастадым.
Алима:Иә, ашуыңды сәл азайтсаң жаман болмайды.
Дастан:Сен де айтпай кетіп қалдың ғой.
Алима жымиып:Ол рас.
Екеуі бір-біріне қарап, сәл күліп алды. Ауыр атмосфера жайлап тарай бастады.
Дастан:Шынымды айтсам, сені стористе басқа жігітпен көргенде вообще миым тоқтап қалды.
Алима:Ол менің ағам дедім ғой.
Дастан:Енді білдім уже.
Алима:Келесіде сұрап ал. Сразу қорытынды жасама.
Дастан:Сөз берем
Сол кезде Рамазан чатқа жазды:
Рамазан: бәрі норм ба бітті ма мынау?
Самира: тірісіңдер ма вообще.Алима тосып отырм үйде қайтсандарш.Дастан аман сау алып кел
Шерхан:тосып отырмыз деси сен
Темирлан: Мен сорда девушкасыз каламба
Алима күліп жіберді:Бұлар да қоймайды.
Дастан:Бар, жауап бер, әйтпесе жаңа теория шығарады.
Алима чатқа жазды:
Алима: бәрі норм, артық драма болды просто 😂
Бірден Самира:
Самира: мен айттым ғой, басында сұрап алу керек деп
Рамазан: Дастан, қызғаныш level 100 😭
Дастан:Осылар ертең тренеровкада мазақтайды енді.
Алима күліп:өзің кінәлісің.
Үйдің алдына келгенде Дастан тоқтады.
Дастан:Жан ?
— Мм?
— Біз... бәрін қайтадан нормально бастайықшы.
Алима біраз ойланып:Бір шартпен.
— Қандай?
— Сенім. Қызғаныш бар, окей, бірақ алдымен сөйлесу.
Дастан басын изеді:
— Келістік.
Келесі күн.
Таңертең Алима мен Самира студияда. Айна алдында хореография қайталап жатыр.
Самира:Кеше эмоция көп болды, бүгін нормально жұмыс істейміз бе? 😅
Алима:Істеу керек. Бізде жақында выступление бар ғой.
Музыка қосылып, екеуі синхронно билей бастады. Бірақ Алима анда-санда ойға кетіп қалады.
Самира тоқтап:Сен тағы да Дастанды ойлап тұрсың ба?
Алима:Сәл ғана...
Самира:Ол бүгін ойынға дайындалып жатыр. Кеше Рамазан сторис салды.
Алима:Барамыз ба?
Самира жымиып:Әрине. Көрейік, қалай ойнайды 😏
⸻
Сол уақытта стадионда.
Дастан мен Рамазан — шабуылда, ал Шерхан мен Темирлан — қақпашы болып жаттығып жүр.
Рамазан:Брат, бүгін стадионды гуілдетіп гол соқ.
Дастан:без этого никак димба🤣
Темирлан алыстан:дайындалайык джигилар
Шерхан:Қақпаға дәл соғыңдар, босқа эмоциямен ойнамаңдар.
Дастан:Понял.
⸻
Кешке ойын басталды.
Трибунада — Алима мен Самира.
Самира:Вау, бүгін адам көп екен.
Алима көзін алаңнан алмай: Дастан қайда...
Самира:
— әні жүр
Ойын басталды.
Доп Рамазанға келді, ол Дастанға пас берді. Дастан қақпаға қарай жүгіріп, соққы жасады...
ГОООЛ ⚽
Стадион гуілдеп кетті.
Самира:Ооо, красавчик!
Алима байқамай күліп жіберді.
Дастан голдан кейін трибунаға қарап, дәл Алиманы көрді. Көздері түйісті.
Самира сыбырлап:сені іздеп журғой жігітін
Алима:Қойши
⸻
Ойыннан кейін.
Барлығы сыртта жиналды.
Рамазан:Қалай, көрдіңдер ме біздің уровеньімізді
Самира:Жаман емес.
Темирлан: "Жаман емес" дейді ғой
Шерхан:Нәтиже жақсы, бірақ қорғаныс әлсіз болды.
Дастан тікелей Алимаға жақындады:Келгеніңе рахмет жанм
Алима:Жақсы ойнадың.
Дастан:Сен үшін стараюсь.
Самира бірден:Оооо, басталды махаббаттары
Рамазан:Біз кетейік, бұларға момент керек секілді
Темирлан:Дұрыс.
Бәрі сәл алыстап кетті.
Алима:четам куда барамыз
Дастан:жиналып бір жаққа шығайық
Алима:давай
Бір сәт үнсіздік, бірақ бұл жолы ыңғайсыз емес.
Дастан:Ертең сендердің выступлениең бар ма?
Алима:Иә.
Дастан:Келуге бола ма?
Алима жымиып:Конечно.
Дастан:Обязательно келем.
⸻
Солай олардың арасындағы бәрі біртіндеп қалыпқа келе бастады.
Бірақ енді екі жақ та өз жолында — бірі сахнада, бірі алаңда.
Ал алда... үлкен выступление мен маңызды матч күтіп тұр еді.
